25 тамыз — Спорт күніне орай №4 көпшілік кітапхана №54 балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында балаларға спорттың денсаулыққа пайдасы және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтылды. Балалар түрлі спорттық және қимылды ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және белсенділігін көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу және белсенді, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спорт бала кезден бастап жақсы әрі пайдалы әдетке айналсын!