2027 жылғы 17 тамызда «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында №1 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Біз өзіміз ойлаймыз, бізбен ойнаңыз» атты үстел ойындары сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, тапқырлығын және шапшаңдығын дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Балалар қызықты үстел ойындарына қатысып, өзара қарым-қатынас жасап, достық пен ұйымшылдық қасиеттерін көрсетті.