2026 ж. 12 тамызда кітапхана оқырмандарына «Ертегілер әртүрлі болады» атты кітап алаңы өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандар ертегі әлеміне саяхат жасап, халық ауыз әдебиеті мен авторлық ертегілердің түрлерімен танысты. Кітап көрмесіне қойылған ертегі кітаптарына шолу жасалып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, балалар сүйікті ертегілерін еске түсіріп, түрлі түсті қарындаштармен ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін бояды.

