«Заң мен тәртіп» жобасы аясында №96 балабақшадағы балаларға «Ең қарапайым іс» атты әдебиеттік оқу өткізілді. Балалар С. Баруздиннің «Ең қарапайым іс», «Алешка оқудан қалай жалықты» әңгімелерімен танысты. Балалар әңгімелерге қатысты сұрақтарға белсенді жауап беріп, кез келген іске талпыныс пен сабырлық қажет екенін түсінді, оқу үйрену өте маңызды әрі қажетті екенін, бұл білім мен кітаптар әлеміне жол ашатынын білді. Бүлдіршіндер қызыға балалар кітаптарын қарап, сүйікті ертегілері мен шығармалар кейіпкерлері туралы айтып берді.

