2026 жылдың 3 тамызда №1 сәбилер бақшасының ересек «Б» тобының тәрбиеленушілеріне арналған «Бұл күлкілі жануарлар» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында балаларға әртүрлі жануарлар туралы қызықты мәліметтер беріліп, олардың ерекшеліктері, мекен ету ортасы және тіршілік ету жағдайлары туралы әңгімеленді. Сонымен қатар, жануарлар туралы кітаптар мен көркем безендірілген балалар әдебиеттерінен кітап көрмесі ұсынылды. Бүлдіршіндер кітаптарды қызығушылықпен тамашалап, жануарлар әлемі туралы жаңа мәліметтер алды.

