29 қыркүйек күні кітапханамызда Еңбек күніне орай «Игілікке жетудің жолы – еңбек ету» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Ақпарат сағаты барысында қатысушылар еңбек пен кәсіптің қадір-қасиеті туралы мағлұмат алып, адал еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызы жөнінде ой бөлісті. Еңбек – жетістікке жетудің, молшылық пен игіліктің негізі екені айтылды. Сондай-ақ түрлі мамандық иелерінің қоғам дамуындағы рөліне назар аударылды. Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, сұрақтарға жауап берді.