9 қазан күні № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері № 21 ЖОББМ 6 сынып оқушыларына домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлы күйші-Дина» атты музыкалық қобдиша өткізді. Іс-шараға қатысушылар Дина Нұрпейісованың өмірбаяны мен шығармашылық жолымен танысты. Ол ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірті және көптеген күйлердің авторы. Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Бұлбұл», «Жігер», «Әсем Қоңыр» және «Байжұма» күйлері бар.Іс-шара барысында бейне материалдар мен слайдтар көрсетілді. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

