11 қараша күні № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері № 21 ЖОББМ 3 сынып оқушыларына Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» атты танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің тарихы мен дамуы туралы білді. Балалар Қазақстанның төл валютасының қалай жасалғаны туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдап, «Теңгенің тарихы» бейнеролигін тамашалады.Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

