12 қараша күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында Ұлттық валюта – Теңге күніне орай «Ұлттық теңге – Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихы, қалыптасуы мен маңызы туралы ақпарат беру. Танымдық сағат барысында қатысушыларға теңгенің айналымға енгізілу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, ұлттық валютаның еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының маңызды нышаны екені айтылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыпқа байланысты қызықты сұрақтар қойылды. Оқырмандар ескі банкнот түрлері мен жаңа банкнот түрлерімен танысып, банкноттағы өзгерістерді талқылады.

