19 қараша күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында актриса Хадиша Баймолдақызы Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына орай «Сахнадағы сырлы бейне» атты еске алу кеші өтті. Мақсаты: Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі Хадиша Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Еске алу кеші барысында қатысушыларға актрисаның өмір жолы, өнердегі қалыптасуы мен сахна төріндегі жарқын бейнелері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, оның қазақ театр өнеріне қосқан үлесі мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Кеш соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.