№43 мектептің 3 сынып оқушыларына «Витаминия елі» атты денсаулық сағаты өткізілді. Балалар дәрумендер еліне қызықты саяхат жасап, дәрумендердің пайдалы қасиеттерімен танысты. Олардың қандай көкөністер мен жемістерде кездесетінін және дұрыс тамақтанудың неліктен маңызды екенін білді. Балалар жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі ойындарға қатысты. Іс-шара қызықты әрі танымды өтті. Оқушыларға денсаулықтың мықтылығы дұрыс тамақтанудан және өз денсаулығының қамын ойлаудан басталатынын тағы да ескертілді!

