№35 мектептің 4-сынып оқушылары арасында «Буллинг және кибербуллинг: өзіңді қорға!» тақырыбында танымдық-тәрбиелік ақпараттық сағат өткізілді. Ақпараттық сағат барысында оқушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өз ойлары мен білімдерін ортаға салды. Балалар буллингке қатысты әртүрлі өмірлік жағдайларды бейнелейтін шағын көріністер дайындап, сахналады. Театрландырылған қойылымдар арқылы оқушылар мазақ ету, ренжіту, қорлау және ұжымнан шеттетудің қандай жағымсыз салдарға әкелетінін көрсетті. Сонымен қатар осындай жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндірді.
Іс-шара барысында «Жылы сөз – жанға қуат» атты бейнероликті тамашалауға ерекше назар аударылды. Бейнероликті көргеннен кейін оқушылар жылы сөз адамның көңіл күйін көтеріп, қуаныш сыйлайтынын және қиын сәтте қолдау бола алатынын түсінді. Ақпараттық сағат соңында оқушыларға айналасындағыларға құрметпен қараудың, өзгелерді ренжітпеу мен қорламаудың, қиын жағдайға тап болған достарына қолдау көрсетудің, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.