М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы

1 қараша күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері оқушылардың күзгі демалыс кезінде Атамекен кентінің № 33 ЖОББМ – нің 3 сынып оқушыларына  «Ертегілер елінде»  ойын  бағдарламасын өткізді. Кітапханашы алдымен ертегінің не екенін айтып берді. Қонаққа Алдар Көсе мен Жалмауыз кемпір келіп, балаларға түрлі ойындар өткізді.  Шара барысында: «Кім білгір?» ертегілерді кім көп біледі? сайысы; «Кім тапқыр?» Суреттің қай ертегіден алынғанын табу, кейіпкерлерін атау ойыны; «Кім ойшыл?» ертегіден үзінді оқылып, балалар жалғастырып айту; «Тауып ал» ертегіде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар. «Иә» және «Жоқ» сұрақ-жауап ойыны. Шара соңында «Алдар Көсенің сиқырлы тоны» қуыршақ қойылымы және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфилімі көрсетілді.

414691cc-da37-4550-912d-db9568f25655
ea0bd0d2-4e56-4f4c-8e6a-5299485d9459