3 шілде күні жазғы демалыс кезінде № 5 ЖОББМ мектеп жанындағы  лагерь оқушылары үшін  «Ертегілер еліне» атты ертегі  саяхаты өткізілді.

Кітапханашы іс-шара басында оқушыларды  «Ертегілер еліне» саяхат жасауға шақырды және бейнеролик  көруді ұсынды. Әрі қарай бағдарламада: «Жеделхат» станциялары бойынша саяхат, «Почта шатасуы», «Ертегі кейіпкерінің қайда тұратынын біл» ойыны,  «Жолды жалғастыр»,  «Ертегі құрастыру» сайыстары; «Ертегі» және «Ертегіні тап» виртуалды викторинасы. Шара соңында балаларға «Маша және аю» қуыршақ қойылымы көрсетілді.