16 шілдеде «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында №24 балабақшаға «Ертегілермен біз әртүрлі халықтар әлемін ашамыз» атты кітапхана десанты ұйымдастырылды. Кітапханашы ертегілерден халық туралы көп нәрсені білуге болатынын айтты. Ертегіде халықтың рухы, тұрмысы, мінез-құлқы, өзіндік мәдениеті бейнеленген. Ертегі бізді мейірімділік пен әділеттілікке, адалдық пен еңбекқорлыққа үйретеді. Балалар «Ертегі кейіпкерін таны» сайысына, «Досты тап» әдеби ойынына белсене қатысты, бірге жұмбақтарды шешті, Ш.Перроның «Қызыл телпек» атты француз ертегісін, дат ертегшісі Г. Х. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі және ағылшын «Үш торай» ертегісі және т.б. ертегілерді еске түсірді. Балалар достыққа үйрететін орыс халқының «Теремок» ертегісін қуана-қуана сахналады. Кітапханашы көрмеге қойылған кітаптармен таныстырды.