20 ақпанда № 5 орта мектебінің 4-сынып оқушылары үшін жазушы П. П. Ершовтың 210 жылдығына арналған «Ғажайып ертегілер» библио-кафесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басында кітапханашы балаларға Петр Павлович Ершовтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Жазушыға танымалдық әкелген оның әйгілі «Тоғаштай тұлпар» ертегісі болды. Бұл ертегі – шытырман оқиғаларға, сиқыр мен ізгілікке толы балалардың ең сүйікті шығармаларының бірі. Одан кейін оқушылар әдеби викторинаға қатысып, қызықты тапсырмаларды орындады: «Петр Павлович Ершовтың өмірбаяны»,«Бұл сөздер кімге тиесілі?», «Сөйлемді жалғастыр», «Тоғаштай тұлпар» туралы жұмбақтар сайысы. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, ертегі желісі бойынша пазлдар құрастырып, үзінділер оқыды.