16 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай № 27 мектептің 2 сынып оқушыларына Агния Бартоның 120 жылдығына орай «Көңілді балалық шақ елі» әдеби сағаты өткізілді. Іс-шараның барысында оқушылар Агния Бартоның өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның балалық шағы, алғашқы кітаптарымен ең танымал өлеңдері туралы білді. Балалар «Сөз ойыны», «Өлең жолын толықтыр» және оның шығармалары бойынша сұрақ-жауап сияқты интерактивті ойындарына қызығушылықпен қатысты. Іс-шара соңында «Көңілді балалық ел» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

