23 сәуір Ұлттық кітап күні аясында 1-сынып оқушыларына «Кітап әлемді ашады» атты оқырман күні өткізілді. Бұл күні оқушылар алғаш рет кітапханаға келіп, жас оқырмандар қатарына қосылды. Балалар кітапханамен, қызықты әрі танымдық кітаптар әлемімен танысты. Кітап — білімнің көзі, ол адамды дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Оқушылар «Кейіпкерді таны» викторинасына, «Бұл мен…», «Сөзді жалғастыр» ойындарға белсенді қатысып, ертегілер мен әдеби кейіпкерлер туралы білімдерін көрсетіп, кітап және кітапхана туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтар шешті. Іс-шара соңында оқушылар кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға ниет білдірді.