№4 балалар кітапханасы 

17.07.23. Балалар жазушысы Николай Носовтың 115 жылдық мерейтойына орай N43 мектеп жанындағы лагерь балаларына «Көңіл-күй шебері» атты әдеби сағаты өтті. Балалар жазушының өмірбаянымен танысты, Н.Носовтың әңгімелерінің атауын ойлап тапты, «Тірі қалпақ» әңгімесін тыңдады. Балалар Гүлдер қаласында Незнайкамен бірге сөздерді ұйқастырып өлең шығаруды үйренді, Незнайканың достарымен және оның шытырман оқиғаларымен танысты. Балалар «Носовтың көңілді және мейірімді әлемі» викторинасының сұрақтарына белсенді жауап берді, көрмеге қойылған кітаптарды қызығушылықпен қарады.

20231211_111736
20231211_111658
20231211_111841
20231211_111717
20231211_111640