№2 балалар кітапханасы

24 қараша күні №2 балалар кітапханасы М.Әуезов атындағы ЖОББМ кітапханасымен бірлесіп 2 сынып оқушылары арасында «Мамандықты таңдауда қателеспе» атты көлемді кәсіби бағдар беру сабағын өткізді.Іс-шара мектептің Музыка залында өткізілді. Барлық сегіз сыныптан балалар қатысып, түрлі мамандықтар туралы өлеңдер оқып, кішігірім көріністер көрсетіп, мамандыққа қажетті киімдер киді. Әр бір сынып оқушылары мұғалім, лаборант, құрылысшы, дизайнер, аспазшы, өртсөндіруші, теңізші, әскери қызметкерлер, полиция қызметкері т.б. мамандықтарымен таныстырды.2 «Б» сыныбының оқушысы Полат Арин Зериш-«Лаборант маманы» болып сахнада түрлі эксперименттер өткізді.2 «Е» сынып оқушылары-«Медицина қызметкерлері»  ерекше дайындалды. Олар медбике, дәрігер-терапевт, педиатр, стоматолог, хирург және т.б. түрлі деңгейдегі медицина қызметкерлерін таныстыра отырып, сахналауды көрсетті. Кітапханашылар дайындаған  «Болашақтың топ-10 мамандығы» және «Сирек кездесетін мамандықтар» слайд-презентациясын балалар қызығушылықпен тамашалады. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

IMG_20231124_150250_2991
IMG_20231124_150250_1952