№4 көпшілік кітапханасы

2023 жылдың 19 қазанында №4 көпшілік кітапхана қызметкерлері №18 ЖОББМ кітапханасында 4 «Г» сынып оқушылары үшін Республика күніне арналған «Қазақстаным – мақтанышым» ақпараттық күні өтті. Кітапханашы Қазақстан Республикасының құрылу тарихын қысқаша айтып, балаларды мерекенің тарихымен таныстырды, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы негізгі міндеттер туралы, сол кездегі салалар, Қазақстан қалалары туралы ақпарат берді. Келесі кезекте балалар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Балалар Қазақстан тарихы мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. 7, 8, 9 сынып оқушыларына кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

WhatsApp Image 2023-10-19 at 11.44.20
WhatsApp Image 2023-10-19 at 11.44.19 (1)
a5f7cb38-1074-4028-9334-ca8c5d9e4337
a155bec0-7e8e-4c4d-9a74-ab16858d1389