2026ж. 19 қаңтарда Павлодар қ. балалары бар әйелдерді оңалту және бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне қазақ палуаны Қ.Мұнайтпасовтың 155 жыл толуына орай «Спорт аңызы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Кітапханашы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы, спорттағы ерлігі мен ел тарихындағы орны туралы мәлімет берді. Іс-шара барысында зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қажымұқан есімінің мәні», «Палуан» сөзіне синонимдер табу, сұрақ-жауап, ой қозғау тапсырмалары жүргізілді. Бұл ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытып, ұлттық рухты сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кітап көрмесі безендіріліп, балалар көрмеге қойылған әдебиеттерді қызығушылықпен тамашалап, парақтап танысты. Көрме оқырмандардың танымдық қызығушылығын арттырып, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырды.