Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орай 9 сәуір күні № 5 орта мектептің 5-сынып оқушылары үшін «Ғарыш батырлары» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында «Юрий Гагариннің өмірі мен ерлігі» тағылымды әңгіме айтылып, «Юрий Гагариннің ұшуы» бейнебаяны көрсетілді. Сонымен қатар «Ғарыш» сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, «Қазақстанның ғарышкерлері» қызықты мәліметтер берілді. «Қазақстан ғарышкерлері» бойынша сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, «Талғат Мұсабаев ғарышта» бейнефильмі көрсетілді. Іс-шара соңында «Ғарыш батырлары» кітаптарға шолу ұйымдастырылды.

