Ұлттық кітап күніне орай 17 сәуір күні №5 орта мектепте 4-сынып оқушылары үшін жазушы Григорьева Ольга «Қолтаңбасы бар кітап» кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармашылығымен танысты. Ольга Николаевна оқушыларға өз балалық шағы туралы өлең жаза бастағаны туралы, шығармашылық жолымен туындыларының қалай дүниеге келетіні жайында әсерлі әңгімелеп берді. Сонымен қатар, жуырда жарық көрген жаңа кітабымен таныстырды. Жазушы өз шығармаларындағы кейіпкерлер туралы қызықты оқиғалармен бөлісіп, шығармашылыққа не шабыт беретінін айтып, кітап жазу үдерісінің қыр-сырымен таныстырды. Оқушылар жазушыны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кездесу соңында кітапхана қорынан «Сөз өнеріндегі өлкетану»» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.

