Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында «Киіз – көнеден жеткен өнер» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және ата-бабадан мирас болған дәстүрді жалғастыру. Бұл шеберлік сағаты ұлттық қолөнердің бірі – киіз басу өнерін насихаттауға және жас ұрпаққа оның қыр-сырын үйретуге бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар киіздің жасалу тарихымен, оның тұрмыстағы маңызымен және қазақ халқының мәдени мұрасындағы орнымен танысады. Шеберлік сағатында кітапхана меңгерушісі, киіз басудың негізгі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, жүнді өңдеу, бояу, қалыпқа келтіру кезеңдерін іс жүзінде түсіндіреді.