1 маусым күні №85 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері үшін Балаларды қорғау күніне арналған «Бүгін ғаламшардың қожайындары – балалар» қызықты саяхат-ойын өткізілді. Мерекелік іс-шара жаз туралы танымдық бейнебаян тамашалаудан басталды. Бейнебаян балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсер қалдырды. Одан кейін тәрбиеленушілер көңілді байқаулар мен танымдық сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, өздерінің тапқырлықтары мен білімдерін көрсете білді.
Одан кейін ойындар таза ауада жалғасын тапты. Серуен барысында балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, өз қиялдарын әсем де жарқын туындылар арқылы бейнеледі.

