9 маусым күні №5 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерь балалары үшін «Тіс щеткаларының патшайымы» атты танымдық сағат өтті.
Балалар тістерді дұрыс күтудің маңыздылығы туралы пайдалы мәліметтер алып, ауыз қуысы гигиенасын сақтау ережелерімен танысты. Іс-шара барысында түрлі қызықты байқаулар мен танымдық викториналарға белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

