Ұлттық валюта күні және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай кітапханада «Ұлттық теңге – ұлтымыздың абыройы» атты викторина өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық валютамыз – теңгенің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен танысып, еліміздің қаржы жүйесі туралы білімдерін толықтырды. Викторина барысында түрлі сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, белсенділік танытты. Мақсатымыз – ұлттық валютамыздың қадір-қасиетін таныту, қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелсіздігіміздің маңызды нышаны – теңгеге деген құрметті қалыптастыру.