28 сәуірде мерекелік безендірілген оқу залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халыққа достық жарасады» атты мерекелік-танымдық бағдарламасы өткізілді. Қазақстан халқының бірлігі күні — достық пен түсіністік, бірлік пен бейбітшілік, жылулық пен мейірімділік мерекесі. Кітапханашылар жиналғандарды келе жатқан мерекемен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтады. Іс-шара қонақтары: «Здравец!» болгар орталығы В. Н.Шатова, әзірбайжан орталығы Аскерзаде Х. Т., орыс мәдени орталығының Князев С. П. ұлттық жаңғыру мектебінің жұмысы және өз орталықтары туралы айтып берді. Қазақстан-үлкен, тату отбасы, онда әркімнің тең құқықтары бар, өз тілі мен мәдениетін дамытады, өз дәстүрлерін құрметтеп ұрпақтан-ұрпаққа аңыздары мен ертегілерін жеткізеді. Орталықтардың тәрбиеленушілері музыкалық нөмірлермен өнер көрсетті. Іс-шарада оқушылар Овчаренко А. орындауында (болгар орталығы) кларнетте «Гуд монинг, Вена!» , әзербайжан орталығының орындауында Қазақстан туралы ән, орыс мәдени орталығының орындауында «Где ты был, мой черный баран?» және «Ты подуй с поля ветерочек» халық әндерін тындады. Әр халықтың өз салт-дәстүрлері бар, ұлттық ойындары да бар. №43 орта мектептің 8-сынып оқушылары «Ручеек» және «Жила-была..» орыс ойындарға белсенді қатысты. Іс-шараға «Достық шаңырағы астында» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.