2025 жылдың 23 сәуірінде Ұлттық кітап күні және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ақын О.Н.Григорьеваның шақыруымен №14 орта мектептің 4-сынып оқушыларына «Кітап – білім бұлағы» атты кітапхана сабағы өтті. Шара барысында кітапханашы 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген 23 сәуір – Қазақстанда тұңғыш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні екенін айтты. Содан соң балалар кітаптың шығу тарихынан мағлұмат алды. Балалар қонақты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойды. Іс-шара өте қызықты және мазмұнды болды. Шара соңында ақын Ольга Николаевна Григорьева кітапханаға өзінің жаңа кітаптарын сыйға тартты. Ол балаларға жаңа жазушылармен және таныс авторлардың жаңа туындыларымен қуанышты кездесулер тіледі.